🐣 Жақында бала кезім есіме түсті. Ол орысша айтқанда "лихие 90-е" деп аталатын жылдар еді. 3 класс оқып жүрген кезім. Жасым сол 8-9 жас шамасында. Зауытта жұмыс істейтін анама бір көмегім болсын деп, үйімізідң артындағы көшеде кішкентай үстелді қойып, майда-шүйде заттарды сатумен айналыстым ) Қазіргідей дайын пістелер жоқ, кәдімгідей үйде қуырып, тұздап, 50 және 100 грамдық стақандармен сататынмын. Ассортимент болсын деп оған сағыздар, шоколадтар, штучный темекілер қостық 😊Аптасына 1 рет базарға барып, арзан бағада заттарды әкеліп, үстінен аздап бағасын қосып сататынмын. Бір күні бір ағай келіп: " Үлкен адам барма үйіңде, шақыршы" - деді. Мен балконнан ақай салып: "Мамау, сізді шақырып жатыр" - деп анамды шақырдым. Сөйтіп, екеуі бірнәрсені сөйлесті. Әңгімелеріне әкем қосылды. Сөйтсем, жаңағы кісі сусын құйып сататын аппараты бар екен, соны жалға алатын адам іздеп жүрген көрінеді. Аам келіп, менен сұрады: "Балам, осы үстеліңнің жанына қосып, сусын сататын аппарат қойсақ қалай болады" - деп сұрады. Мен қуана-қуана келістім. Ертесіне аппаратты әкеліп қостық. Шініе әрине сол кездегі ең танымал сусын жасап құйдық. Ол сусынның атауы - Юпи болатын ) Қазіргі жастар біле қоймас, атйа кетейін. Юпи деген порошок болатын, үстінен 1 литр су қоссаң кәдімгі тәтті сусын болып шыға келетін. Дәмдері де әр түрлі болатын. Құлпынай, алма, өрік деген сияқты. Сөйтіп, кішкентай ғана бизнесім дамып, жаз бойы сол сусынды да қосып құйып сатып отырдым) Бағасы әлі есімде - 1 стақаны 5 теңге болатын. Эх, балалық шақ ))) Сол кезден бастап есейгенде кәсіпкер болуды мақсат қойдым. Жұрттың балдары сияқты космонавт, дәрігер, милиция, мұғалім емес, кәсіпкер болғым келді....
💴👓💼